Мырзатай Жолдасбеков: Оспан Құлсымақ - Ұлы даланың мектебін бітірген жігіт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мырзатай Жолдасбеков: Оспан Құлсымақ - Ұлы даланың мектебін бітірген жігіт

10.12.2017

«Мен қазақпын» мегажобасының финалында термешілер додасын әйгілі әнші Айгүл Елшібаеваның шәкірті маңғыстаулық Оспан Құлсымақ бастады.

Финалға шыққан өнерпаз А.Әминұлының «Шын жақсының белгісі» термесін шырқады.

Тәлімгері Айгүл Елшібаева шәкіртінің бұл термені жоғары деңгейде алып шығатынына сенім білдірді.  

Мырзатай Жолдасбеков:  

- Жалпы, бізге Құдайдың берген үлкен бақыты – қазақ халқының әр өңірінде өзінің қалыптасқан үлкен мектептері бар. Соларды жалғастырып келе жатқан Оспан сияқты ұрпақтар бар. Оспан Ұлы даланың мектебін, университетін, академиясын бітірген жігіт.

Оспан Құлсымақты «Көрермен көзайымынан» көргілеріңіз келсе,  3075 нөміріне 5 санын жіберу арқылы дауыс беруге болады.

Хабарламаларға жазылу