Темо Саджая Джо Кокердің «You are so beautiful» әнімен өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темо Саджая Джо Кокердің «You are so beautiful» әнімен өнер көрсетті

10.12.2017

Адам өз кумиріне ұқсап кете ме? Әлде өзіне ұқсайтын кумир іздей ме? Бұл сұрақ бүгін ғана қойылып тұрған жоқ, дегенмен жауабы да табылмады. Ал, Темоның орындауынан кейін жауабы табылар ма екен?

 

«Бүгінгі бағдарламаның тақырыбы - балалық шақтың кумирі. Мен үшін ол Джо Кокер. Оның дауысының бояуы ерекше. Өзіне ғана тән қарлығып шығатын дауысы бар. Ешкімге ұқсамайды. Ол сахнада ән шырқап тұрған кезде жан-тәнімен беріліп айтып тұрғанын көресің», - дейді Темо.

 

Тоғызыншы жарыс күні ол Джо Кокердің өміршең әні, «Карлито» фильмінің саундтрегі «You are so beautiful» әнін орындады.

 

Қазылар алқасының мүшесі Парвин Юсуфи (Тәжікстан):

 

- Тамаша орындау болады. Сен бүгін сондай тәтті орындап бердің. Рахмет саған. Тамаша орындау. Сезімдерің көрініп тұрды. Әнді сезінгенің сонша, бәрі бізге жетті. Саған көп рахмет.

Хабарламаларға жазылу