«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа индустриалды жобалар жайлы 25 бейнеролик ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа индустриалды жобалар жайлы 25 бейнеролик ұсынды

06.12.2017

Индустрияландыру күні аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа индустриалды жобалар жайлы 25 бейнеролик ұсынды.

Аталмыш роликтер «Qazaqstan today» жобасының шеңберінде «IGRAPHIC» дизайн-бюросымен бірлесіп әзірленді. Алдағы уақытта дайындалған бейнематериалдар Ұлттық арнада және корпорация құрамына кіретін аймақтық филиалдарда көрсетілетін болады. Жобаның басты мақсаты - халықты жаңа индустриалды жобалармен таныстырып, маңыздылығын жеткізу. Сонымен қатар, жұмыспен қамту мүмкіндіктері жайлы алдын ала ақпарат беру.

Бейнероликтер Маңғыстау облысындағы Құрық портындағы паром кешені, Павлодар облысындағы қоспалы алюминий өндірісін ұйымдастыру, Алматы облысындағы металл құрастыру зауыты және басқа да Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы жобаларға арналады. 

 «Qazaqstan» арнасынан қыркүйек айынан бастап Семей полигоны, «Астана ЭКСПО-2017», қазақ тілінің латын графикасына өтуі, «Нұрлы жол» және Тұңғыш Президент күніне арналған бейнероликтер жарыққа шықты.

«Qazaqstan today» жобасы маңызды тақырыптарды оңай түрде әрі қызықты формада жеткізеді.  

Хабарламаларға жазылу