Кенже Жұманұлы: Жүргізушілердің сценарийді өздері жазғаны анағұрлым жеңіл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенже Жұманұлы: Жүргізушілердің сценарийді өздері жазғаны анағұрлым жеңіл

06.12.2017

Ақын Алмат Исәділ, журналист, «Алтын Қалам» әдеби жүлдесін ұйымдастыру комитетінің директоры Кенже Жұманұлы, жазушы Қанағат Әбілқайыр «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

Студия меймандары бір кездері таңғы бағдарламада қызмет атқарған. Сұхбат барысында сол кездегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Қанағат Әбілқайыр:

Ұлттық арнада 2002 жылдан бастап қызмет еттім. Қызмет еткен жылдары журналистерден, қонақтардан Қазақстан емес, Қазақ елі деп айтуды ұсындым. Бағдарламаның бел ортасы 20 жылдығына арнайы әнұран жаздым. Одан басқа, фильм түсірілді.

Ұлттық арна қазақтың мүддесіне қызмет ете берсін!

Кенже Жұманұлы:

Біздің кезімізде жүргізушілер сценарийді өздері жазатын. Бұл - өте ыңғайлы. Өйткені, өз жазғаныңды айтып беру анағұрлым жеңіл.

Қара шаңырақ Ұлттық арна қазақ телевизиясының көшбасшысы бола берсін!

 

Хабарламаларға жазылу