Бүгін – әйгілі қаламгер Әбіш Кекілбаевтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – әйгілі қаламгер Әбіш Кекілбаевтың туған күні

06.12.2017

Бүгін қазақтың абызы, әйгілі қаламгер, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына - 78 жыл. Ол - кемелділік пен парасатқа толы шығармалары арқылы халық жадында мәңгі сақталған тұлға.

Қаламгер 1939 жылы Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алып, еңбек жолын «Қазақ әдебиеті» газетінен бастаған. Бірқатар қызметтерде жемісті еңбек атқарып, ел Тәуелсіздігін алған тұста Тұңғыш мемлекеттік хатшы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Жоғарғы Кеңес Төрағасы болды.

Әбіш Кекілбаев қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірді.

Оның шығармалыры - қазақ әдебиетінің құнды қазынасы. Халқымыздың ғана емес, әлемнің жазушысына айналған қаламгер артында өшпес мұра қалдыра білді. Жазушының 12 томдық еңбектерінен бөлек, іргелі зерттеулер мен әдеби сын кітаптар, тарихи-философиялық тұжырымдары, аудармалары руханият айнасы болғаны рас. Ол қашан да қазақ сөз өнерінің биігі болып қаларлығы сөзсіз. Жазушының рухани мұрасы халықпен бірге мәңгі жасамақ.

 

Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасында

Хабарламаларға жазылу