Бүгін «Таңшолпан» төрінде мемлекет және қоғам қайреткері Мырзатай Жолдасбеков қонақта болып, ең алғаш Президент сайлауының қалай өткендігін айтты.
1991 жылы 2 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өтті. Аталмыш сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елінің тұңғыш президенті болып сайланды. Сол сайлаудың штабын Мырзатай Жолдасбеков басқарған болатын.
«Осы уақытқа дейін қазақта неше түрлі хан да биде болды. Бірақ, бұл ұлы далада Нұрсұлтан Назарбаев сияқты адам туған жоқ. Неге? Өйткені, бұл кісі быт-шыт болған қирандыдан Тәуелсіз мемлекетті орнатты. Мыңдаған жылдар бабаларымыз аңсаған, бірақ, жете алмаған Тәуелсіздікке жеткізді. Мен Елбасының ұйқысыз түндерінің, мазасыз күндерінің куәсімін», - дейді мемлекет және қоғам қайреткері.