Сафармухаммад: «Silk Way Star» жобасы өз елімнің музыка тарихында қалуға мүмкіндік берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сафармухаммад: «Silk Way Star» жобасы өз елімнің музыка тарихында қалуға мүмкіндік берді

19.11.2017

Ұлттық қаһармандарға арналған кешін өз өнерімен қорытындылаған өнерпаз бұл жолы Тәжік азаматы болды. Сафармұхаммад қасиетті Отанды қорғауға шақыратын батырлар жырын жырлады.

Тәжік музыка тарихында өз ізін қалдырғысы келетін талантты әнші «Сарсупурдаи Ватан» әнін орындады.

«Қолымнан келгенді аянып қалмаймын және көрермендерге ұнайды деп үміттенемін», - дейді әнші.

Қазылар алқасының мүшесі Вильдан Хайруллин (Башқұрстан):

- Сен бүгін өте сенімді шықтың. Осыған дейін Сафар сондай қарапайым, момын болатын. Қазір ашылған. Сонда да тағы да батылырақ болсаң деп ойлаймын. Ұрандату керек еді. Ұялма, бәрі қолыңнан келеді. Соны шын жүректен тілеймін. Дауысыңда мін жоқ.

Хабарламаларға жазылу