«Парасат майданы». Қаржы нарығындағы акциялардың тарихы туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Парасат майданы». Қаржы нарығындағы акциялардың тарихы туралы не білесіз?

14.11.2017

«Парасат майданының» бүгінгі хабары ең алғашқы қаржыгер-экономист, журналист Чарльз Доуға арналды. Студия қонақтары - қаржыгер-сарапшы Сапарбай Жұбаев және экономист Қайырбек Арыстанбекұлы. 

Индекстер әлемінің ең ірі биржаларында акция бағамының қалай өзгергенін анықтап тіркейді. Нарықтағы қадамдарды және ол қандай бағытта жылжып жатқанын түсіндіреді. Бірінші индекс Нью-Йорк қор биржасында енгізілген. Ол «Dow Jones» индексі. 1882 жылы Чарльз Доу, Эдвард Джо есімді бірқатар америкалық журналистердің бастамасымен Уолл-стриттің инвестициялық компанияларына жаңалық жеткізу қызметі ұйымдастырылған болатын.

Осыдан кейін «The Wall Street Journal» газеті бірінші рет акциялардың баға белгілерін жариялай бастады. 1884 жылы индекстің алғашқы нұсқасы жасалғанда, 12 америкалық өндірістік компания акцияларының орта арифметикалық құнын көрсетті. Осыдан кейін бұл сараптама бүкіл қор нарығына көз жүгіртуге ыңғайлы болады. Бүгінде ол америкалық қаржы жағдайын көрсететін биржалық индекс ретінде саналады. Егер сіз нарықтың өсуі немесе құлдырауы туралы естіген болсаңыз ол «Dow Jones индексі» екенін біліңіз.

Хабарламаларға жазылу