Сахнаға киелі 7 реттік санымен шыққан қырғыз әншісі жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сахнаға киелі 7 реттік санымен шыққан қырғыз әншісі жеңімпаз атанды

12.11.2017

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Сондықтан болар, «Silk Way Star» байқауында сахнаға киелі 7 реттік санымен шыққан Омар бұл жарыс күні жеңіске жетті.

«Мен бүгін француз және орыс тілдерінде «Белл» әнін орындаймын. Көрерменнің жүрегіне жету үшін жоғарғы дәрежеде өнер көрсетуге тырысамын», - деп уәде берді қырғыз әншісі.

Қазылар алқасының мүшесі Захра Бадалбейли (Әзірбайжан):

 

- Өте әдемі қойылым, тамаша орындау. Маған шынымен ұнады. Бүгін саған мүлде басқа баға қоямын. Өткен жолы аз қойғандықтан емес, бүгін сенің әнің расында таңқалдырғандықтан. Сен менің жүрегіме жеткіздің, өйткені шын жүректен орындадың.

Хабарламаларға жазылу