Саида «Дракула» мюзиклының ең мұңды партиясын орындап, үздіктер қатарынан көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саида «Дракула» мюзиклының ең мұңды партиясын орындап, үздіктер қатарынан көрінді

12.11.2017

«Silk Way Star»-дың мюзикл-саяхатының соңғы аялдамасы француздар жерінен бұйырды. Даңқты «Дракула» мюзиклының ең мұңды партиясын сахнаға соңғы болып шыққан Саида дайындады.

 

Өзбек әншісінің айтуынша, бұл ән жаны романтикаға жақын жандарға, шынымен махаббатты билік деп білетіндер үшін арналған ән.

 

Айта кетейік, Саида «Silk Way Star» байқауының бесінші жарыс күнінде «Please, don't make you love me» атты әнді шырқады.

 

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан):

- Сіз өте әдемі шығармалардың бірін орындадыңыз. Сіздің кәсібилігіңіз сезіліп тұр. Техника дұрыс қойылған. Орындау техникаңыз маған қатты ұнады. Бірақ, кішігірім бір ескерту бар - соңғы нотаны тағы да созу керек пе еді.. Дегенмен, бәрі тамаша!

Хабарламаларға жазылу