«Таңшолпан». Нұржан Сәдібеков: «24 сағат табиғат құшағында» жобасына кастинг арқылы келдім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Нұржан Сәдібеков: «24 сағат табиғат құшағында» жобасына кастинг арқылы келдім (ВИДЕО)

08.11.2017

Ұлттық арнада көрсетіліп жатқан «24 сағат табиғат құшағында» жобасының жүргізушісі Нұржан Сәдібеков студия қонағы болды. Актер, жүргізуші өнердегі жаңалықтарымен, жоба қызықтарымен бөлісті.

«24 сағат табиғат құшағында» жобасына кастинг арқылы келдім. Осы уақытқа дейін 6 облыста болдық. Мақсатымыз – табиғатты таныту.

Қазақстанның қай жеріне барсақ та көрікті. Жеке бөлуге болмайды. Жоба барысында бір қызық жағдай болды. Қорғалжын өңіріне барғанда, түсірілім кезінде текст бойынша «Қорғалжың - ең әдімі жер» деп айту керек болды. Мен кіліспедім, айтпадым. Себебі, олай емес. Қазақстанның барлық жері керемет. Жобаның арқасында Қазақстанның табиғатына басқа көзбен қарай бастадым», - дейді актер.

Хабарламаларға жазылу