«Таңшолпан». Алтынбек Қоразбаев: Мейрамбек ешқашан «жұлдыз ауруына» ұшыраған емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Алтынбек Қоразбаев: Мейрамбек ешқашан «жұлдыз ауруына» ұшыраған емес

07.11.2017

ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаев студия қонағы болып, өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Әдемі қартаю – өнер. Жастық шақтың шаттығын білген адам ғана кәрілікті қадірлей алады. 70 жасыма орай үлкен мерекелік кешке дайындық жүріп жатыр.

Көп жылдар басшылық жұмыстар атқардым. Әлі де қызметтемін. Бірақ, ешқашан қатал болған емеспін. Оны барлығы да біледі. Үйде де қатал емеспін. Көбінесе гастролдьдік сапарда болған соң балаларды жолдасым тәрбиеледі.

Мейрамбектің концертіне әкесі болып барамын. Мейрамбек ешқашан «жұлдыз ауруына» ұшыраған емес. Ертең үлкен концертіне тіпті билет жоқ», - дейді Халық әртісі.

Хабарламаларға жазылу