«Келбет». Мәкен Рахымжанова: Актер тек қана сынмен өседі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбет». Мәкен Рахымжанова: Актер тек қана сынмен өседі (ВИДЕО)

03.11.2017

Бүгінгі бағдарламаның кейіпкері ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанова. Актриса өзінің балалық шағы, өнер, өмір жолы туралы естеліктерімен бөлісті.

«Сынды көтере алмаған, қабылдамаған актер актер емес. Мен өмір бақи сынға ұшыраған актрисамын. Соның бәрін көтердім, ренжімеймін. Себебі, мен өзімнің шығар шыңымды білемін.

Алматы облысының Жаңашаруа облысында дүниеге келдім. Бала кезімде кішкентай клубта ауыл адамдарына өнер көрсетеміз. Сонда халық қол шапалақтағанда, өзімді бақытты сезінетінмін.

Бала күнімде «Кім боласың?» дегенде, «әртіс боламын» деп жауап беретінмін. Есейе келе, шынымен де әртіс болу арманым екеніне сендім. Мектеп бітіріп, Алматыға бардым. Комиссияның алдында образғы сықақ оқыдым. Комиссия құрамы көздерінен жас аққанша күлді. Емтиханнан кейін бірінші өзімнің фамилиямды көрген сәтті ешқашан ұмытпаймын.

Ұстазым керемет режиссер Жақып Омаров болды. Оқу бітірген соң 9 адам болып  Жамбылға кеттік. Қазір сол тоғыз адамнан мен жалғыз қалдым. Бірі театрдан кетсе, бірі театрдан ауысты, ал, бірі дүниеден өтті. Биыл осы салада еңбек еткеніме – 45 жыл. Ұстаздарымның баталары осы күнге дейін маған күш береді», - дейді өнер иесі.

 

Хабарламаларға жазылу