«Таңшолпан». Рашит Әкімов: Ауыл шаруашылығы саласына 1500 кадр жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Рашит Әкімов: Ауыл шаруашылығы саласына 1500 кадр жетіспейді

03.11.2017

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің хатшысы Рашит Әкімов студия қонағы болды. Депутат ауыл шаруашылығындағы жас мамандардың орны, саланың дамуы туралы сөз қозғады.

«Ауыл шаруашылығы саласы – қиын мамандық. Оның басқа мамандықтардан ерекшелігі - бәрін өз қолыңмен жасауың керек. Ауыл шаруашылығында кәсіби мамандар болмаса, жемісті жұмыс болмайды. Малдың соңында жүру - оңай шаруа емес. Ауа райына, мезгілге, малдың ауруына қарамастан ерте тұрып, кеш жатып қызмет ету қажет. Жұмыс ауыр болғандықтан, мамандардың жалақысы да соған сай, жоғары болуы қажет.

Қазір ауылдың тұрмысы қалаға қарағанда төмен, сондықтан, жастар ауылда жұмыс істеуге ұмтылмайды. Мәселен, қазір елімізде бұл салаға 1500 кадр жетіспейді», - дейді депутат.

Хабарламаларға жазылу