«Сазгер» бағдарламасында Нұрлан Әлімжановтың «Ғажайып күй» әнін Айгүл Иманбаева жаңаша нұсқада орындады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сазгер» бағдарламасында Нұрлан Әлімжановтың «Ғажайып күй» әнін Айгүл Иманбаева жаңаша нұсқада орындады (ВИДЕО)

27.10.2017

Бүгінгі «Сазгер» бағдарламасының кейіпкері - нағыз сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі, әндері жасандылықтан ада, жаста болса аты көпке танымал, актерлік пен сазгерлікті қатар алып жүрген өнер иесі Нұрлан Әлімжанов.

Бағдарламаға Нұрланның анасы мен әкесі де қатысып, ойларын ортаға салды.

«Жоспарға қатты бағынбаймын. Көбіне жанның қалауымен жүремін. Жаныма қарсы нәрселерді істемеуге тырысамын», - дейді өнер иесі.

Анасы Әлия Әлімжанова әрқашан баласының тілеуін тілеп, қай жаққа барса да аман-есен келуі қалайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, бағдарламада композитордың «Ғажайып күй» әнін Айгүл Иманбаева мен Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттерінен құралған вокалды топ жаңаша форматта орындады. Көпшілікке әннің орындалуы ұнап, жақсы пікірлер де айтылды.

Бұл әннің сөзін Баянғали Әлімжанов жазса, әуені Нұрлан Әлімжановтікі. «Ғажайып күй» туындысы 2000-шы жылдар жазылған. Нұрланның PR-менеджері Дәулет Нөкеровтың сөзінше, әнді бүкіл Қазақстан тыңдаған.

Хабарламаларға жазылу