«Таңшолпан». Бүгін Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының жаңа маусымы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының жаңа маусымы

26.10.2017

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Сексенбаев, актер Әбілмансұр Серіков, актриса Ақмарал Танабаева студия қонақтары болды.

«Бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ХХVIІ жаңа маусымын М.Әуезовтың «Абай» трагедиясымен ашады.

Спектакльдің қоюшы режиссері Әлімбек Оразбеков. XXVII маусымын бастайтын Қаллеки театрының өнер сүйер қауымды «АБАЙ» трагедиясымен қарсы алуы дәстүрге айналған. Туындының алғашқы болып сахна шымылдығын түріп, көрерменге жол тартуының ерекшелігі мен себептері де бар. Өнер ошағына есімі берілген Қалибек Қуанышбаев шығармашылығындағы шоқтығы биік рөл дәл осы Абай рөлі еді.

Театр сахнасындағы «Абай» трагедиясынан қос Абайдың бейнесін көре аласыздар. Аға Абай бейнесін – Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов сомдаса, жас Абайды – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов ойнайды», - дейді өнер иелері.

 

Хабарламаларға жазылу