ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалин бағдардама қонағы болды.
«Телевизия саласында 25 жыл қызмет атқардым. Одан кейін басқа лауазымда қызметте болдым. Ұлылардан ұлылықты үйрендім. Әрине, телевизияның орны ерекше. Тікелей эфир бүгінгі күннің өзекті мәселесін бірден жұрт алдына әкеледі. Оқиғаны бел ортасында отырып көрсету - телевизия өнерінің құдыретті қасиеті. Тікелей көрсету телевизияның басқа өнерлерінен ерекшелігі осы.
«Таңшолпан» осыны 25 жылдан бері жасап келе жатыр. 25 жылдан бері халықта, елде не болып жатқанын көрсетіп, айтып отыр. Бағдарлама ең алғаш сәтінен менің көз алдымда өтті. Мұндай бағдарлама құнды», - дейді жазушы.