Сәулежан Тақзия Шашубай Қошқарбайұлының «Ақ қайың» әнін орындады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәулежан Тақзия Шашубай Қошқарбайұлының «Ақ қайың» әнін орындады (ВИДЕО)

22.10.2017

Сәулежан Тақзия Алматы қаласынан келген. Арманы – талғамы биік тыңдарманның көп болуы.

Сондай-ақ, ол: «Ұлт өнерінің дамуына мен де үлес қосуым керек және міндеттімін», - дейді.

Сәулежан Тақзия  бүгін «Мен қазақпын» жобасында Шашубай Қошқарбайұлының «Ақ қайың» әнін орындады.

Қатысушыға қазылар-алқасы мынадай пікір білдірді:

Ардақ Исатаева:

«Сәулежан -  нар тұлғалы, сахнаға бейім жігіт. Даусы да кең, тынысы ауқымды. Әнді жүрекпен айтады. «Ақ қайың» - Шашубай Қошқарбайұлының өзін таныстыру әні. Сәулежан бұл әнді созып алған сияқты. Сонымен қатар, екінші шумақта бірінші шумақтың соңғы екі жолын қайталап жіберді».

Толғанбай Сембаев:

«Сәулежанды біраз жылдан бері танимын. Қытай жеріндегі ағайынның арасынан келген. Сол жақта вокалда оқыған екен. «Ақ қайыңды» жеңілдеу айту керек. Сенің күшің көп, күшке салып тұрсың. Жәнібек мұны аспандатып, құстың қанатындай етіп шырқайтын. Солай айтып үйрену керек».

Мырзатай Жолдасбеков:

«Сәулежан салған «Ақ қайың»  - жібектей созылған керемет ән. Мен де пікір айтқан азаматтардың сөзіне қосыламын. Бәрі жақсы, бірақ менің ұғымымда күшке салып жібердің. Сәулежан, мұны кейін ескеру керек».

Айта кетейік, «Мен қазақпын» жобасын жексенбі сайын сағат 20:55-те «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар.

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу