«Қазақстан» РТРК»  АҚ жобалық/сценарлық идеяларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК»  АҚ жобалық/сценарлық идеяларға байқау жариялайды

19.10.2017
«Қазақстан» РТРК»  АҚ жобалық/сценарлық идеяларға байқау жариялайды

Алдағы 2018 жылға  «Қазақстан» РТРК»  АҚ сериалдық өнім шығару мақсатында жобалық/сценарлық/ идеяларға байқау жариялайды.  Мына  тақырыптық бағыттар бойынша тапсырыстар қабылданады: отбасылық құндылықтар, махаббат, бала тәрбиесі, белсенді азаматтық көзқарас, тарихи тұлғалар және рухани - адамгершілікті жаңғырту /«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында/, Астананың 20 жылдығы және басқа да  қоғамдағы маңызды оқиғалар.

Конкурска қатысу үшін  ықтимал орындаушы арнайы синопсис жолдайды /көлемі -2 беттен кем емес, шрифт Times New Roman, өлшемі-12, қазақ-орыс тілдерінде/.

Сонымен қатар, концепция ауқымы мыналарды қамтуы керек: болашақ сериалдың аты, мақсаты мен міндеті, көлемі /хронометражы және сериясының саны/, жанры, шамамен сметалық шығыны, техникалық жағдайы, мамандарының  біліктілік құрамы.  Ұсыныстарды қарау барысында осы тектес өндірісте  тәжірибесі бар компанияларға басымдық беріледі.

Байқау үш кезеңмен өтеді:  

  1. кезең:Талапқа сай келетін өтініштерді  бастапқы қабылдау;
  2. кезең: Сарапшылар комиссиясының өтініштерді іріктеуі.
  3. кезең: Көркемдік кеңесте іріктелген өтініштерді  қарау және жеңімпаздарды анықтау. 

Өтініштер 23 қазан - 23 қараша аралығында kaztrk@kaztrk.kz  эл.поштасы арқылы қабылданады.

Хабарламаларға жазылу