«Таңшолпан». Нұрсұлу Кемел: Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың басты ерекшелігі - жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Нұрсұлу Кемел: Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың басты ерекшелігі - жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі

19.10.2017

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарушы директоры Нұрсұлу Кемел студия қонағы болып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады. Елімізде көпдеңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі қызмет етеді. Бұл жүйе арқылы жан-жақты қолдау жүзеге асырылады.

Бірінші деңгейде мемлекет тарапынан берілетін базалық жәрдемақылар. Ол асыраушысынан айырылу немесе мүгедектігіне байланысты жәрдемақы. Осыған қосымша жұмыс берушінің тарапынан аударылатын міндетті әлеуметтік аударылымдар арқылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қосылады.

Яғни, бұл деңгейде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 6 түрлі әлеуметтік тәуекелдер бойынша әлеуметтік төлемдер беріледі. Олар еңбек ету қабілетінен, асырушысынан айырылуға, жүктілігіне және босануына, жаңа туған нәрестені асырап алуына, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер.

Бұл төлемдерді қалай алуға болады? Бұл төлемдер жұмыс берушілердің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ай сайын оның табысынан аударатын мемлекеттік әлеуметтік аударымдары арқылы алынады. Бұл аударымдардың ерекшелігі - зейнетақы жүйесіне төленетін 10 пайыз өзімізден төленсе, ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын аударымдар жұмыс берушінің есебінен алынады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың басты ерекшелігі - жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі», - дейді Нұрсұлу Кемел.

Хабарламаларға жазылу