Қызылордалық кәсіпкерлер өзбекстандық әріптестерімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық кәсіпкерлер өзбекстандық әріптестерімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

31.01.2017
 Қызылордалық кәсіпкерлер өзбекстандық әріптестерімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

Осы мақсатта Сыр елінен арнайы делегация Самарқан, Науаи қалаларына барып, бірқатар кәсіпорындарды аралады. Жергілікті компания басшыларымен келіссөздер жүргізді. Өндірістік және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту бағытындағы жоспарларды нақтылады.

Қызылорда әкімдігі шетелдік инвесторлар өндіріс орнын саламын десе, жер бөліп береді, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Яғни, агроөнеркәсіп секторы, азық-түлік, электротехника, құрылыс және автомобиль өнеркәсібі салалары бойынша Өзбекстан тәжірибесіне сүйенуге мүдделі.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу