Aerosmith тобының әнін орындаған грузиялық әнші қазылар алқасына ерекше әсер қалдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Aerosmith тобының әнін орындаған грузиялық әнші қазылар алқасына ерекше әсер қалдырды

14.10.2017

«Өз еліңнің өкілі болу, өз еліңнің байрағын ұстау және тұтас бір ел сенің тілеушің болып тұрғанын сезіну – нағыз қуаныш». Бұл рокты жан-тәнімен сезетін, сүйетін грузиялық Темо Саджаяның сөзі. Ол бүгінгі жарыс күніне 20 ғасырдың Рок тарихына алтын әріптермен жазылған әнді таңдапты.

«Бүгін мен Aerosmith тобының «I don’t wanna miss a thing» әнін орындаймын. Мәтіні мен музыкасы өте әсерлі. Әннің мағынасы терең болмаса, оны не үшін айтасың?! Қашан да бірдеңе толғандырып, қуантып немесе жүрегіңді ауырту керек», - дейді грузиялық әнші.

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан):

- Маған қатты ұнады. Сіздің осы байқаудағы әр өнер көрсетуіңіз маған қатты ұнайды. Бүгін сізді бір деммен тыңдадым. Айтарға сөзім жоқ.

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу