Мәселе. Әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәселе. Әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?

07.10.2017

Қазақ әскерінің ішіндегі ахуал қалай деген дүниеге ауыссақ. Армиядағы адам төзгісіз жағдайлар, бұрын келгендердің кейін келген жас сарбаздарды ұрып-соғуы жайлы әңгіме, аңыз көп. Тіпті әскери бөлімнің ішінде жүрген сардарлардың өзі жаңа келген жастардың қаржысын қарпып, мойындарына ауыр жұмыс артып қояды деген әңгіме гу-гу еседі ел арасында. Әрине, мұның барлығын жоққа шығаруға болады, бірақ «халық айтса қалт айтпайды» деген сөз бар.

Бейбіт күнде әлімжеттіктен көз жұмған жігіттердің бейітіне бармасақ екен.

«...Қорғаныста қорғансыз болып жатыр,

Талай үйдің ошағы сөніп жатыр.

Елін жаудан қорғайтын жауынгерлер,

Жаудан бұрын жарылып өліп жатыр.

Шабытпенен әскерге аттанғандар,

Табытпенен еліне келіп жатыр...».

Ақын Мейірбек Сұлтанханның бұл шумағы көптің көкейінде көптен бері  жатқан уайым. Қазір уайымдауға негіз бар ма? Қазіргі әскери өмір қандай? Нұрбек Бекбау талдайды...

Хабарламаларға жазылу