«Таңшолпан». Смағұл Елубаев: «Рухани жаңғыру» жобасының аясында тарихи жәдігерлеріміз жаңартылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Смағұл Елубаев: «Рухани жаңғыру» жобасының аясында тарихи жәдігерлеріміз жаңартылды (ВИДЕО)

06.10.2017

Жазушы, кинодраматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубаев бағдарлама қонағы болды.

«Жақында елімізде жүріп жатқан «Рухани жаңғыру» қозғалысына байланысты Атырауда болдық. Ол сапардан біраз нәрсе көңілде қалды. Мысалы, киелі мекен. Қазір әрбір аймақ өзінің киелі мекенін анықтап жатыр. Тарихи жәдігерлер жаңғырып жатыр.

Одан басқа Қызылорданы араладық. Облыс әкімінің бастамасымен жыл сайын жүргізелетін «Дала сазы» фестиваліне қатыстым. Одан басқа «Қорқыт ата» кесенесіне бардық. Ол жерге бір жылда 12 мың шетелдік турист келген.

Біздің жоспарымыз жүзеге аса бастады. Әрбір аймақта осындай киелі мекен болса, өзімізден бөлек, шетелдік туристер ағылады», - дейді жазушы.

Хабарламаларға жазылу