«Нұрлы жер» бағдарламасында ипотека қарастырылған ба? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жер» бағдарламасында ипотека қарастырылған ба? (ВИДЕО)

05.10.2017

Ресми мәлімет бойынша елімізде 2,5 миллион адам баспанаға зәру. Ендігі үміт «Нұрлы жер» бағдарламасында. Бағдарлама қалай орындалып жатыр?  Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Ипотекамен үй алуға мүмкіндік бар ма?

Бүгінгі «Басты тақырыптың» қонағы  ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов осы мәселеге қатысты сұхбат берді.

Жаңа бағдарламадағы ипотека жайына тоқталған комитет басшысы:

«Әрине, қарастырылған. Бұл жерде біз екінші деңгейлі банктер арқылы ипотеканы субсидиялаймыз. Ұлттық банктың базалық мөлшерлемесі бар, соған екінші деңгейлі банктер 5 пайыз қосу керек. Несиені 19,20,  тіпті 40 пайызға дейін беретін банктер болды.  Біз оларға талап қойдық. Мысалы, 17 пайызбен бересің, 7 пайызы мемлекеттік субсидияға түседі, ипотека алатын азаматқа 10 пайызбен несие беріледі деп. Бұл да тиімді. Мысалы, аймақтарда 50 шаршы метрлік үй 7 миллион теңге, ал, Астана, Алматы қалаларында 9 миллион теңгеге пәтер алуға болады. Айына 50-60 мың теңгеден»,-дейді.

Хабар барысында сондай-ақ, арендалық баспана мәселесі де қозғалды.

ТОЛЫҚ НҰСҚА

Хабарламаларға жазылу