Еліміздегі отандық өнімдер неге қымбат? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі отандық өнімдер неге қымбат?

30.09.2017

Мемлекеттің бизнеске берген жәрдемін рәсуа қылмай қажетке жарату парыз, өйткені, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жаңадан ашылған кәсіптердің тек 55 пайызы ғана 4 жылдан артық тірлік жасайды екен. «Тауардың сапасынан бөлек, тағы бір қулығы бар», - дейді сарапшылар.

Мәселен, дүкен, супермаркеттерге сауда жасауға келген адамдардың тәбетін ашу үшін кейбіреулер әдейі супермаркеттердің ішінде дәмді тағамның иісі шығатын ароматизаторларды пайдаланады екен.

Ал, фаст-фуд сататын орталықтар жылдам музыка қосып қоюды әдетке айналдырған. Психологтар, тез әуен ойнағанда адамдар тамақты да тез жейді деген қорытынды жасаған.

Демек, келесі алушыға орын босатудың амалы екен бұл. Әркім өзінше қарекет қылған әне, қазір мемлекет бизнеске болысып жатыр. Бірақ, бізде отандық өнімдер бар болғанымен, бағалары удай. Киімге 2-3 ою салып бағасын 2-3 есеге өсіре салатын кәсіп иелері де кездеседі. Бұл - бизнестің жауы. Тақырыпты Нұрбек Бекбау жалғастырады...

 

Хабарламаларға жазылу