Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық мегажобасы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық мегажобасы басталады

30.09.2017
Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық мегажобасы басталады

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Жібек Жолы Жұлдызы» халықаралық музыкалық мегажобасы басталады. Бұл жобада Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Ресей Федерациясының: Татарстан, Башқұрстан сияқты елдерінің танымал әншілері өз өнерін көрсетпек.

Сондай-ақ, әр елдің қатысушылары  өз халқының мәдениеті мен дәстүрін қалың көрерменге таныстыратын болады. Халықаралық жоба әндердің алуан түрлілігімен ғана емес, түркі тілдес халықтардың музыка әлемінде бірлесіп дамуына өз үлесін қосады.

«Жібек Жолы Жұлдызы» Ұлттық арна эфирінде бірнеше ай бойы, сенбі күндері және қатысушы елдердің телеарналарында да көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Жобаның алғашқы шығарылымын бүгін сағат 21:15-те «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көре аласыздар!

                                                              

Хабарламаларға жазылу