«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Иірім. Ана қадірі» атты телехикаяның тұсаукесері! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Иірім. Ана қадірі» атты телехикаяның тұсаукесері!

29.09.2017
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Иірім. Ана қадірі» атты телехикаяның тұсаукесері!

«Иірім. Ана қадірі» телехикаясы адамзат үшін ең қадірлі жан – ана бейнесі жайында болмақ. Телехикаяда жас ұрпақты мейірімді, қайырымды істерге тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, қазақ халқына тән құт ұйыған отбасылық дәстүрді үзбеу сияқты маңызды тақырыптар орын алады.

Басты кейіпкер Азаматты анасы Нәсіп жалғыз өзі тәрбиелейді. Баласы үшін көп қиындыққа төзіп, жетілдіріп, ер жеткен соң қалаға оқуға жібереді. Бірақ, қалада не пәтер, не табыс жоқ Азамат қатты қиналады. Күн көріс үшін түнгі клубқа жұмысқа тұрғанымен, сабағы нашарлай береді. Сөйтіп жүргенде ауқатты адамның ерке қызы Айнұрмен танысып, сөз байласады.  Екеуі бас қосып, Азамат ауылдағы анасын қолына әкеледі. Оның бұл әрекеті Айнұрға ұнамайды, себебі, ол енесімен бірге тұрғысы келмейді. Ақыры ене-келін арасындағы қайшылық асқынып, Нәсіп қарттар үйінен бірақ шығады. Азаматтың ойында не бар, шешесін сол күйінде тастап кете бермек пе? 

 Рөлдерде: Тынышкүл Сұлтанбердиева, Ералы Сейітхан, Нышанбек Жұбанаев, Үсіпхан Сейтімбет және т.б

«Иірім. Ана қадірі»  4 бөлімді телехикаясын «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасынан 30-қыркүйек күні сағат 15:50-де және 1- қазанда 16:15-те көре аласыздар!

Хабарламаларға жазылу