«Таңшолпан». Жазушы Шерхан Мұртаза 85 жасқа толды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Жазушы Шерхан Мұртаза 85 жасқа толды (ВИДЕО)

28.09.2017

Қазақтың заңғар жазушысы, кәсіби журналист Шерхан Мұртаза қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосты.  

1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Жазушының есімі – Шері. Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» атпен жарық көрді.

Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Бір қызығы Шерхан Мұртаза алдымен жазушылыға мен журналистігі емес, ақындығымен танылды. Шығармашылық еңбектен бөлек, ақпарат саласында да қызмет етіп, 6 бірдей басылымда редактордық қызмет атқарған.  

Ұзақ жылғы еңбегі үшін «Құрмет белгісі», «Отан» медалі, Қазақстанның халық жазушысы, «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз

Хабарламаларға жазылу