«Силикон аңғарының» баламасын жасауға не кедергі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Силикон аңғарының» баламасын жасауға не кедергі?

26.09.2017

Бұл турасында  сарапшы Ерлан Оспан:

«Силикон аңғарының» баламасын жасауға келмейді. Бұл табиғаттың заң десе де болады. Ең мықты дүние біреу-ақ  болуы керек. Интеграциялаудан-ақ бізден шаш етектен пайда көреміз. Мысалы, алдыңыздағы ноутбуктың жоғары технологияны қажет етпейтін корпустарын, түймелерін жасаудан бастаудың өзі жетістік. Барлық Оңтүстік-шығыс Азия елдері осылай келді»,-дейді.

Сонымен қатар, сарапшы стартап жобадан гөрі әлдеқашан дамып кеткен жобаларға бірді-екілі өзгеріс енгізіп, көшіру бізге керек дегенді айтады.

«Бізде білім мен тәжірибені шатастыру бар. Бірақ, осы арада қандай білімді адамдардың жолы болмай жүргенін де көріп жүрміз. Біз білім мен тәжірибені алмастырғымыз келеді. Алайда, бұған әлемдік мегакорпорациялар ешқашан мүмкіндік бермейді. Бұл жағын ойланбай-ақ та қою керек. Бізге жобаға сәл адаптация жасап, жергілікті заңдарға немесе халықтың әдет-ғұрпына, салтына келтіріп, импортталып жатқан дүниелердің өзіне аздап өзгеріс енгізіп үйренсек, мұның өзінен біз үнемі коэффициентте боламыз»,-дейді.

Айта кетейік, бүгінгі «Басты тақырыпта» IT сарапшы Ерлан Оспан қонақта болды.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ

Хабарламаларға жазылу