«Таңшолпан». Әлемдегі ерекше өнер иелері (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әлемдегі ерекше өнер иелері (ВИДЕО)

26.09.2017

Ғалымдардың пікірінше, 2050 жылға қарай жер бетіндегі пластикалық қалдықтар мұхиттағы балықтардың санынан көп болмақ. Оскар Криевский бұл мәселенің шешімін таптым деп есептейді. Ол пайдалануға жарамсыз пластикалық заттардан әртүрлі ерекше бұйымдар жасап, өзгелерді де осыған үндейді.

Өз ісін өнер деп санайтын ұлыбританиялық жігіттің айтуынша, мұндай тәсілмен қоқыс мөлшерін азайтуға болады.

Джек Стормс те таңқаларлық кәсіппен айналысады. Яғни, шыныдан әртүрлі бұйымдар жасайды. Өзгелер материалды алдымен қыздырып алып, қажетті пішінге келтірсе, Джек егеу тәсілін қолданады.

Асқан мұқияттылық пен үлкен сабырлықты қажет етсе де, ол өзінің ісінен жалыққан емес. Ерекше өнер иесі әр туындысы ойындағыдай шығу үшін шеберханасында 8-18 апта аралығында жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу