«Парасат майданы» хабарының бүгінгі шығарылымы 18-23 қыркүйек аралығында болған оқиғаларды қамтыды.
Студия қонағы – журналист Асхат Асан мемлекеттік тілге қатысты өз ойын ортаға салды.
«Тілдің мүшкіл жағдайда қала беруі кейбір топтар үшін, мүддесі біздікінен өте жоғары отырған адамдар үшін өте ыңғайлы. Мемлекеттік тіл бүкіл халықты ұйытатын, өзінің айналасына жинайтын құрал болуы керек. Солай болған кезде халық бірігеді. Осылайша, ортақ мүдде, арман, жобалар пайда бола бастайды. Ал, ол біреулер үшін керек емес шығар?!».