«Таңшолпан». Кенжеболат Жолдыбай: Елбасы сапары экономикалық өзгерістер алып келеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Кенжеболат Жолдыбай: Елбасы сапары экономикалық өзгерістер алып келеді (ВИДЕО)

18.09.2017

Жуырда Елбасы Өзбекстан және Түрікменстан елдеріне іс-сапармен барды. Осыған орай студияға саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай келіп, сұхбат берді.

«Қазақта «алыс-беріс, барыс-келіс» деген сөз бар. Оның сыртында «беріспесең алыспайсың, алыспасаң алыстайсың» деген мән бар. Осы тұрғыдан келгенде, бұл сапардың мәні зор.

Жалпы, Тәуелсіздік алған жылдардың басынан Елбасының интеграция, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттер одағын құру жөнінде бастама жасағаны туралы бәріне белгілі. Елбасы осы бағытта әлі де үзбей жұмыс жасап келе жатыр.

Қазір өзбек басшылығы өзгерді. Осыған байланысты бұл елде жақсы өзгерістер болып жатыр. Меніңше, таяу уақытта ол жемісін береді.

Осылайша,  Елбасының өзбек еліне жасаған сапары ең біріншіден, өзбек бауырларымызға тиімді. Өйткені, біздің мемлекет 25 жыл ішінде нарықтық экономика бойынша біршама тәжірибе жинақтады және бөлісе алады.

Түрікмен еліне келетін болсақ, негізінен ол - жабық мемлекет. Бірақ, Қазақ еліне көзқарасы, сенімі мол. Олар да экономиканың ашық  және  экономикада алдыңғы қатарда жүрген елдермен қарым-қатынаста болу керек екенін түсініп жатыр», - дейді саясаттанушы.

Хабарламаларға жазылу