Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді

17.09.2017
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді. Сапар аясында Қазақстан Президентінің Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланған.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысып, Қазақстанның ұлттық құрамасымен және спорт делегациясымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу