Абылай Мырзахметов: Латын әліпбиі – ұлтымызға керек дүние (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абылай Мырзахметов: Латын әліпбиі – ұлтымызға керек дүние (ВИДЕО)

12.09.2017

ЕХРО-дан қазақ кәсіпкерлері не үйренді?  Олардың латын әліпбиіне деген көзқарастары қалай? Туған жерге тағзым неден басталады? Ауыл-аймаққа кәсіпкерлер қалай көмектеспек? Билік тарапынан бизнесті қорғау, кәсіпкерлерді қолдау жағы қалай?

Бүгінгі «Басты тақырып» осы сұрақтарға жауап іздейді. Студия қонағы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма  төрағасы Абылай Мырзахметов.

Кешелі бері талқыланып жатқан латын әліпбиіне қатысты пікірін білдірген Абылай Мырзахметов:

«Ұлтжанды азаматтардың ойы бір деп ойлаймын. Бұл – әбден піскен, уақыты келген шешім. Егемендігіміздің 25 жылдығында елдігімізді, тарихымызды біліп, болашағымызды бағамдап отырған кезде жасалған дұрыс шешім. Латын әліпбиі – ұлтымызға керек дүние. Сондықтан, мұны қоғам болып ақылдасып қабылдаған жөн. Бизнес жағына келер болсақ, бұл салаға латын әліпбиінің пайдасы зор. Кәсіпкерлер бір-бірімен әлемдік деңгейде араласатын болғандықтан, бізге латын әліпбиі жақын»,-дейді.

 Сондай-ақ, хабар барысында күні кеше ғана ҰКП бастаған «Атамекенім» деген акция турасында әңгіме өрбіді.

«Акцияға «Атамекенім» деген атау бердік. «туған жерге тағзым» деп қайталай беру де дұрыс емес.  Себебі, бұл барлығымыздың санамызға енді. Бұл бір күндік немесе бір айлық акция емес. Біз аталмыш акция төңірегінде кәсіпкерлердің арасына осы ойды салып, олардан кері байланыс алып, осы арқылы қоғамға кәсіпкердің рөлін көрсетіп, кәсіпкерліктің қоғамның алдында марапатты болуы үшін жұмыс жасамақшымыз»,-дейді Басқарма төрағасы.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу