Қайырбек Арыстанбеков: Польша мен Қазақстан тікелей қарым-қатынасты нығайтуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырбек Арыстанбеков: Польша мен Қазақстан тікелей қарым-қатынасты нығайтуы тиіс

06.09.2017

Қазақстан мен Польша арасындағы кем-кетік түзелді ме?

«2016 жылы Елбасының Польшаға жасаған сапарында экономикалық ынтымақтастық декларациясы қабылданды. Бұл – екіжақты ара-қатынасқа түбегейлі өзгеріс әкелген ірі құжат. Осы декларация аясында көптеген жобаларға қол қойылды. Сол келісімнің нәтижесін биыл көре бастадық деп ойлаймын.

Екіншіден, Польша  президентінің елімізге сапарлауымен байланысты келесі ықпалы енді болатын сияқты.  Сауда-экономикалық байланыс одан әрі нығаяды деп күтілуде. Ең бастысы,  біздің елбасының прагматикалық көзқарасы бар басшы. Сондықтан, ортадағы алпауыт елмен жағдайы қиын болғанымен, Польша мен Қазақстан тікелей қарым-қатынасты нығайтуы тиіс деп ойлаймын»,-дейді сарапшы Қайырбек Арыстанбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі «Басты тақырып» Қазақстан мен Польша қарым-қатынасына арналды.            

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу