Дәурен Әбен: Семей полигонының 80-85 пайызына жуық жері радиациядан азат (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Әбен: Семей полигонының 80-85 пайызына жуық жері радиациядан азат (ВИДЕО)

29.08.2017

1989 жылы қазақ зиялылары антиядролық «Невада-Семей» қозғалысын бастады. Ұйым сол жылы жоспарланған 18 жарылыстың 11-ін тоқтатқан екен. Кейін Президент полигонды жапты. Әлем бұл қадамды қалай қабылдады?

«Бұл тарихи шешімнің маңыздылығын әлем уақыт өткен сайын бағалап келе жатыр. Мемлекет басшылары, ғалымдар Қазақстанның, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін жоғары бағалайды».

Бұрынғы Семей ядролық полигонының жер қойнауы мен суында радионуклидтер әлі бар. Мұның адам денсаулығы мен жан-жануарларға әсері бар ма?

«Ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне қарасақ, Семей полигонының 80-85 пайызына жуық жері радиациядан азат десе болады. Ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізуге жарамды деп есептелінеді. Бірақ, қалған 10-15 пайыз жерінде жоғары радиация әлі де сақталған. Ол жерлерге қарапайым халықтың аяқ басуына тыйым салынған. Бұл жерлер жүздеген болмаса да, ондаған жылдар әлі де жарамсыз болмақ».

Бүгінгі хабарда  қзаақ жеріне ядролық сынақтар қалдырған қасірет турасында әңгіме өрбіді. Студия қонағы – халықаралық сарапшы Дәурен Әбен.

СҰХБАТТЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ

Хабарламаларға жазылу