Қарақат Әбілдина ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы сұхбатын «Таңшолпан» бағдарламасына берді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақат Әбілдина ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы сұхбатын «Таңшолпан» бағдарламасына берді (ВИДЕО)

28.08.2017

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қарақат Әбілдина босанғаннан кейінгі алғашқы сұхбатын «Таңшолпан» бағдарламасына берді. Студияға келген өнер иесі өмірдегі және шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«2017 жыл мен үшін есте қалатындай болды. Басты жаңалығым – бала мен ана махаббатына бөленіп жатырмын. Эфирді пайдалана отырып, барша тілектес болған көрермендеріме алғыс білдіргім келеді. Сіздердің тілеулеріңізбен көптен бергі арманым орындалды.

Алғашқыда қыз боларын естігенде сенген жоқпын. Қуаныш сезіммен көзіме жас келді. Ғажап күй кештім. «Көптен күткен қызы» деп әкесінің есім қойғанын қаладым. Әкесі толғанып, қызымыздың есімін Аяла деп қойды», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу