Бүгін ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

25.08.2017
Бүгін ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Бүгін Қазақстан территориясы әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысында аздаған мөлшерде жауын-шашын болады.

Солтүстік және шығыс аумақта түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады.  Күндіз Батыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, жауып жауы мүмкін.

Қарағанды облысында қатты жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы сақталады.

Хабарламаларға жазылу