27-тамызда Астанада халықаралық марафон өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27-тамызда Астанада халықаралық марафон өтеді

20.08.2017
27-тамызда Астанада халықаралық марафон өтеді

27-тамызда Астанада 42 шақырым 195 метрге жүгіруден халықаралық марафон өтеді. Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының маркетинг және PR бойынша менеджері Мақпал Зинашева мәлімдеді.

Халықаралық марафонды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы, Астана қаласының әкімдігі және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп ұйымдастырып отыр. Шараның  жалпы жүлде қоры 60 мың долларды құрайды.

«Астана халықаралық марафонына қатысушыларды тіркеу 15 шілде күні басталған болатын. Қазіргі таңда 1000-нан астам адам тіркеліп үлгерді. Қатысушыларды тіркеу 26 тамызға дейін жалғасатын болады. Жалпы, өтініш бергендердің басым бөлігі 10 мың метрге жүгіруге ниеттеніп отыр.

Ал 42 шақырым 195 метр және 2017 метрге жүгіруге талаптанғандардың саны бір-біріне шамалас», – дейді Мақпал Зинашева.

Хабарламаларға жазылу