Асқар туған ауылына асығып келеді. Бұл отбасы бауырмалдық, ауызбіршілік, сыйластықты берік ұстанады. Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылында тұратын үлкен әулет қыстың ызғары кетіп, күннің жылынғанын асыға күтеді.
Ауылдағы қара шаңыраққа жиналу - отбасының бұлжымас дәстүрлерінің бірі. Отағасы Сайлау ақсақал мен жары Биғайша екеуі 9 ұл, екі қыз тәрбиелеген. Қариялар ұл қыздарының әрбір жетістігін мақтаныш етеді. Осы күн қарттар үшін ерекше мейрам. Өйткені қаладан жыл бойы келмеген немере, шөбере, ұл мен қыз келеді.
«Бойым ұзын болғанымен сөзім қысқа. Жұбайымды ерекше қадірлеп, сыйлаймын, әрине жақсы көремін. Қазіргі жастар лауап жанатын махабаттан қорқады.
Біз бір ауылда бірге туып, өстік. Биғайша мені аға дейтін, себебі мен 3 жас үлкенмін. Бұйрық екен 1957 жылы 11 желтоқсанда бас қостық. Биыл отау құрғанымызға - 60 жыл. Бір-бірімізге құрмет, сыйластық, кішіпейілділік болды», - дейді ақсақал.