«Ертұғырыл» актерлері Астанаға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертұғырыл» актерлері Астанаға келеді

09.08.2017
«Ертұғырыл» актерлері Астанаға келеді

10 тамыз күні «ЭКСПО-2017»  мамандандырылған көрмесі аясында Түркия павильонында түріктің «Ертұғырыл» тарихи туындысының актерлерімен баспасөз мәслихаты өтеді.

Кездесу барысында Нуреттин Сонмез (Бамсы Бейрек), Дженгиз Джошкун (Тургут Альп) және режиссер Мехмет Боздаг павильон қонақтарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, автограф таратады.

Еске сала кетейік, «Ертұғырыл» телехикаясын Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:35-те көре аласыздар.

Айта кетейік, телехикая І Османның әкесі Ертұғырыл батырдың көршілес жатқан талай мемлекеттердің зәресін алған қас батырлығы туралы. Оның басты мақсаты - басқыншылық саясатын ұстанған византиялықтарды басып алу болды. Ертұғырыл осы мақсатына жеткеннен кейін де тоқтап қалмай, жаугершілік сапарын жалғастырып, Азия мен Еуропаның көп бөлігін иеленген.

Әйгілі көсем дүниеден озғанша тақтан таймаған. Ал, оның ұрпақтары ғасырлар бойы көптеген мемлекеттерді басқарған. Ғажайып телехикаядан әлемге әйгілі Осман империясының ұлы күшіне тәнті боласыздар.

Хабарламаларға жазылу