«Айтуға оңай...». Мақпал Жұмабайдың шығармашылығындағы ерекшеліктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Мақпал Жұмабайдың шығармашылығындағы ерекшеліктер

08.08.2017

«Айтуға оңай...» бағдарламасында өнердегі жастардың өзгеше ізденістері мен ұмтылыстары туралы айтылды. Кейіпкерлердің бірі – мақамды жырларымен танылған ақын Мақпал Жұмабай.

Ол - қазақ даласында жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі ақындық, жыраулық мектептердің заманауи жалғасы. Шығармашылығының ерекшелігі -  өлеңдерін сол жазылған туындыға тән мақаммен жеткізуінде. Өйткені, ол жырларын қайта өңдемейді, жүрегінде сол күйінде сақтайды.

Сондықтан, туындылары шынайылығымен бағалы, көкейдегі ойды дәл таба алатындығымен, іштегі шерді қозғай алатындығымен құнды. Ақын «жалғыз жүріп те, көп дүние жасауға болады», деген пікірде.

Анасы Биғайша Медеуова «Мақпал қолына қалам ала бастағанда кеңістіктен ырғақ ізде, ырғақсыз поэзия болмайды», дедім. Осылайша, өз ырғағын тапты. Әрбір өлеңі мақаммен туады. Музыкамен, поэзиямен тәрбиеленген оның тек қазақтың емес, әлемдік поэзиядан да хабары бар. Барлық шығармаларын салыстырып отырады», - дейді.

Ал, өзгеше өнер иесіне қатысты жазушы Жүсіпбек Қорғасбек: «Дидахмет Әшімханұлының «Қара сөздің өзін әуезбен жазу керек» дегені бар. Оразақын Асқар ағамыз да «өлең оқыңыз», деп қолқа салғанда «өлеңді оқымайды, айтады» деп ренжитін. Мақпалдың мақамдарымен келісіп жүргенім де содан. Сонымен қатар, әр өлеңінде күтпеген сөздер жүреді», деген пікірін білдірді. 

Хабардың толық нұсқасы

 

Хабарламаларға жазылу