Астаналық әкімдік азық-түлік бағасын қатаң бақылауға алды

05.08.2017
Астаналық әкімдік азық-түлік бағасын қатаң бақылауға алды

Елорда әкімдігінің қаладағы азық-түлік бағасын қатаң бақылауға алуының нәтижесінде  28 шілде - 6 тамыз аралығында қырыққабат (22,0%), картоп (9,4%), жұмыртқа (0,7%) бағасы айтарлықтай төмендеген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі ай басынан 97,4%құрайды, жыл басынан 108,5%, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша  азық-түліктің 67 өніміне өз бағаларын бекітті: (тауық еті, сүт өнімдері, гастрономия, тәтті сусындар, жартылай фабрикат өнімдері, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері). Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде.

Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген. «Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті,  «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады Қала билігі қаладағы «Астықжан», «Магнум» және «Шапағат» сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын қатаң бақылауда.

2017 жылдың наурыз айынан 32 өңіраралық жәрмеңке өткізілді, онда  12 мыңнан астам азық-түлік өнімі сатылды. 5-6 тамызда «Қазақстан» спорт кешенінің көлік тұрағы аумағында Қостанай және Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді. 


inform.kz

Хабарламаларға жазылу