Д.Абаев: Қазақстанда мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Абаев: Қазақстанда мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр

27.07.2017
Д.Абаев: Қазақстанда мемлекеттің ашықтығы мен есептілігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бесінші бағытын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы аясында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев іске асырылған жұмыстар туралы мәлімдеді.

ҚР АКМ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бесінші бағытының 94, 96 және 100 қадамдарын орындады. 94 қадамды іске асыру аясында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, оны әзірлеуге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсенді түрде атсалысты.

Заңда қабылданған бастамалар Қазақстанның әрбір азаматына мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпараттарды еркін алып, таратуға мүмкіндік берді. Бұдан өзге, заң ақпаратқа қол жеткізуге кедергі келтіруге тыйым салады. Аталған норманы бұзған жағдайда жауапкершілікке тарту қарастырылған.

96 қадамды іске асыру аясында «Ашық Үкіметтің» - «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджет», «Ашық диалог» секілді барлық құрауыштары және «Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау» бөлімі іске қосылды.

«Ашық НҚА» порталы азаматтардың нормативтік құқықтық актілердің және заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын қарауға қатысуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазіргі таңда порталда жаппай талқылауға 420-дан астам құжат ұсынылған. Жалпы, өткен жылы 7 мыңнан астам НҚА жобалары орналастырылды», - деді Д. Абаев.

«Ашық бюджет» порталы бюджеттік қаражаттарды жұмсауға қоғамдық бақылау орнату үшін құрылған. Бүгінде порталда бюджеттік бағдарламалардың 30 мыңға жуық бағдарламасы, сондай-ақ өткен қаржы жылында оларды іске асыру туралы есептер жарияланған.

«Ашық деректер» порталы мемлекеттік органдардың деректерін жинақтауға, сонымен қатар, олардың негізінде мобильдік қосымшаларды әзірлеуге бағытталған. Қазігі таңда порталда 2 300-ден астам деректер жинағы жарияланған. Портал Адрестік регистр және Бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат секілді жүйелермен біріктірілген.

«Ашық диалог» порталы – бұл мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған алаң. Бүгінде порталға 191 мыңнан астам жолданым келіп түскен және олардың 140 мыңына жауап берілген.

 

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу