Үкіметте есірткі айналымын бақылау саласындағы заңнама түзетулерінің жобасы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте есірткі айналымын бақылау саласындағы заңнама түзетулерінің жобасы қаралды

25.07.2017
Үкіметте есірткі айналымын бақылау саласындағы заңнама түзетулерінің жобасы қаралды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар және прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

ҚР ішкі істер министрі Қ.Қасымов халықаралық тәжірибеге сәйкес, есірткілер айналымын бақылау бойынша БҰҰ халықаралық комитеттерінің ұсыныстары мен ҚР Конституциялық кеңесінің тұжырымы бойынша тыйым салынған заттардың ұлттық тізімін бекіту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

ҚР Үкіметінің тиісті актті қабылдауы елдегі тыйым салынған есірткі құралдарының тізімін нарықта пайда болып жатқан психикалық белсенді заттардың жаңа түрлерімен шұғыл толықтыруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, есірткілердің ұлттық тізімі 88 негізгі, әлеуетті қауіпті психикалық белсенді заттармен толықтырылады. Бұл ЕАЭО мемлекеттері мен есірткілер айналымын бақылау бойынша БҰҰ халықаралық комитетінің бақылауындағы синтетикалық есірткілердің барлық тізімін қамтуға мүмкіндік береді. 

Соның нәтижесінде, «Есірткі заттары туралы» заң арқылы тек бақылауға алынған есірткілердің айналымы ғана емес, сонымен қатар болашақта шығуы мүмкін жаңа түрлері де реттелетін болады, деп хабарлайды primeminister.kz

Мәселені қарау қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар және прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды және Парламент қарауына жіберіледі. 

 

 

Хабарламаларға жазылу