Николас Кейдж: Қазақстан аумағындағы киножобаларға қуана-қуана қатысар едім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Николас Кейдж: Қазақстан аумағындағы киножобаларға қуана-қуана қатысар едім

22.07.2017
Николас Кейдж: Қазақстан аумағындағы киножобаларға қуана-қуана қатысар едім

22-28 шілде күндері Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Кинофестивальге арнайы келген  Голливудтың танымал актері, Оскар сыйлығының иегері Николас Кейдж баспасөз мәслихатында Қазақстан аумағындағы киножобаларға қуана қатысатынын жеткізді.

«Қазақстан аумағындағы киножобаларға қуана-қуана қатысар едім», - деген актер Елорда көркіне қатысты пікір білдірді. 

«Астананың сәулетіне қарап, ерекше ләззат алдым. Мен көрген бүгінгі қала болашаққа болжам жасаған ескі ақ-қара түсті фильмді еске салды», - деп атап өтті ол.

Қазіргі уақытта актер бюджеті кішігірім жаңа жобамен жұмыс істеуде.

«Мен актер ретіндегі өз мансабымды тәуелсіз кинолардан бастағанмын. Қазір Косматос атты жаңа режиссермен «Мэнди» фильмін түсіріп жатырмыз. Маған бюджеті шағын, бірақ тұтас кинематографияға ерекше тәсілмен келетін фильмдер ұнайды», - дейді Кейдж.

Еске сала кетсек, бүгін «Қазақстан» орталық концерт залында «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Оған «А» санатындағы Николас Кейдж, Эндриен Броуди, Джон Малкович сынды танымал әлемдік жұлдыздар қатысады. Кинофестиваль аясында кино өнерінің әлемдік жұлдыздары Николас Кейдж, Эндриен Броуди, Джон Малкович және басқа да жұлдыздар шеберлік сабақтарын өткізетін болады.


inform.kz  

Хабарламаларға жазылу