«Айтуға оңай...». Ұзақ сақталатын тағамдардың ағзаға зияны туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Ұзақ сақталатын тағамдардың ағзаға зияны туралы не білесіз? (ВИДЕО)

18.07.2017

«Қазіргі жастар тез дайындалатын және ұзақ сақталатын тағамдарды жиі қолданады. Өте ұзақ сақталатын тағамдарда түрлі қоспалар бар. Біздің ағзаға кері әсер ететін де - осы қоспалар. Сондай-ақ,  тағамға жағымды иіс пен тәтті дәм беріп тұруы үшін түрлі ароматизаторлар, эмульгаторлар мен дәмдеуіштер қосылады. Осындай тағамдарды жиі қолдану түрлі ауруларға әкеп соқтырады. Оның ішінде аллергия, бедеулік пен белсіздік, ас қорыту жүйесі, бүйрек пен бауыр органдарының аурулары да осындайдан пайда болады», - дейді биология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Сағиқызы.

Ал, диетолог Нұрбану Жалымбетова: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша әрбір ерекесек адам күніне 450-500 гр көкөніс, жеміс-жидек жеуі тиіс. Өйткені, олардың құрамында өсімдік талшықтары бар. Ол талшықтар ағзаны тазалайды, асты қорытуға көмектеседі», -дейді.

Еске сала кетейік, бүгін «Айтуға оңай...» ток-шоуы дұрыс тамақтану тақырыбын қозғады.

Хабарламаларға жазылу