«Әйел бақыты». Айғаным: Күйеуіміз екеуміз жинаған 8,5 миллионды үш күнде жоқ қылдым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Айғаным: Күйеуіміз екеуміз жинаған 8,5 миллионды үш күнде жоқ қылдым (ВИДЕО)

12.07.2017

Біреуге істелген қиянат та, жақсылық та айналып келеді. Кейіпкерлер неліктен өз іс-әрекетіне өкінеді?

«Екі ұлым, жарым бар. Сол күнге дейін бақытты ана, жар болдым. Барлығы мамырдың 20-да басталды. Жолдасымның айлығын өзім алатынмын. Ол маған сенетін. Ақша алатын жердегі банкоматқа қарама-қарсы «Бинго» автоматтары тұр. Сол күні бір келіншек артымнан келді. Маған естіртіп, «миллион ұттым» деп, банкке ақшасын салды. Содан мен 200 мың теңгені шешіп, сол автоматтарға бардым. Мені ешкім мәжбүрлеген жоқ. Ол ойынның мағынасын да, мәнін де білмеймін. Түгелдей күйеуімнің ақшасын сол автоматқа салып жібердім. Сосын депозиттегі 500 мың теңгені тағы салдым.

Оған дейін ойнап көрмегенмін. Көзімді шел басып қалды. Сол күні банкке 3-4 рет бардым. Не істеп, не қойғанымды білмеймін. Сонымен депозиттегі 8,5 миллионды үш күнде жоқ қылдым. Ешкімге ешнәрсе айтпадым. Күйеуіме айта алмаймын. Екі баламды ауылға ата-анама жібердім. Үйде жаттым. Күйеуімнің бетіне қарап тамақ беремін. Бірақ жан-дүнием тыныш емес. Астанаға келгелі қол ұстасып, жинап-терген ақшаны жараттым. Жаныма бататыны - осы.

Өзіме қол салсам екі балам не істейді? Қалай өмір сүремін? Отбасымды сақтап қалу үшін қандай амал жасаймын? Балаларым үшін ішімдегі ағзамды сатуға да дайынмын», - дейді Айғаным.

Хабарламаларға жазылу