«Таңшолпан». Димаш Құдайбергеновтың Қазақстандағы алғашқы концертіне әлем жұлдыздары қатысты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Димаш Құдайбергеновтың Қазақстандағы алғашқы концертіне әлем жұлдыздары қатысты (ВИДЕО)

29.06.2017

Әлем жұлдыздары қатысқан Димаштың Қазақстандағы алғашқы жеке концертіне келгендердің саны көп болды. Әншінің өнерін құрметтеп келгендердің көп болғаны сонша, «Астана Арена» стадионында ине шаншар жер болмады. Яғни, кешке 30 мың көрермен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған. Ең көп билет алғандар - Қытай, Ресей елдерінің азаматтары.

«Қазақ әндерін орындайтын әншінің өнеріне түрлі елдің азаматтарының көңіл бөлуі – үлкен қуаныш. Тек қана Қытай емес, басқа да елдерден фанаттық ұйымдар құрылған екен. Олардың  ішінде Гонконг, Жапон, Оңтүстік Корея елдері, Еуропа және Американың 50 елін біріктіретін фанаттық топтар бар», - дейді Қанат Айтбаев.

Димашқа дейін концертте «Бастау» дуэті, «Renzo», «Кеш You» топтары өз өнерлерін көрсетті. Ал, кеш иесі зор қошеметпен сахна алдына шығып, «Туған ел» әнін шырқады.

Сахнаның безендірілуі мен шоудағы түрлі қойылымдар көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жиналғандар әншіні LED-экран арқылы тамашалады. Ал, әнді жатқа білмейтіндер үшін сөзі арнайы экранда көрсетіліп тұрды.

Шетелден арнайы келген әншілер де халықтың ықыласына бөленіп жатты. Сондай-ақ, кеште Димаш ұстазы Майра Мұхамедқызымен көпшілік білетін «Аққу» әнін орындады.

Хабарламаларға жазылу